" Тіл - тұғырым"
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша " Тіл - тұғырым" жобасы аясында онкүндік іс- шара барысында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған " Мұқағали -поэзия тұлпары " атты сайыс 5-11 сынып оқушылары арасында аталып өтті.Сайыстың мақсаты:артына өшпейтін із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып,поэзия әлемінің сырын ашу.Оқушылар өте жоғары қызығушылықпен қатысып ақынның өлеңдерін, әндерін орындап өмірі жайлы білімдерін ортаға салды.
Жауапты: Х.Какешхан
«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».
«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».
Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
"Салауатты өмір- көтеріңкі көңіл"
Березовка мектебінде 10-11 сыныптарында "Салауатты өмір- көтеріңкі көңіл" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, жат қылықтардан сақтану, денсаулық бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Жауапты Жанакулова А.К.
А ну ка девочки 1
"Фастфуд зиянды ма әлде дәмді ме?"
Оқушылардың дұрыс тамақтану жайлы білімдерін тереңдету мақсатында "Фастфуд зиянды ма әлде дәмді ме?" тақырыбында медбикенің қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.
Жауапты: биология пәнінің мұғалімі Жанакулова А.К.