Магжановские чтения
Мағжан оқулары өтті
Қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Мағжан мәдениеті зор ақын,сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып,артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі»-дейтін.
Березовка орта жалпы білім беру мектебінде 21-қыркүйек күні Мағжан оқулары өтті. Оқуға 5-11 сыныптардың оқушылары белсене қатысты.Оқу екі бағыт бойынша өткізілді.Осы шараны аудандық,облыстық, республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Жаябаева Даяна жүргізді.Жас өнерпаздарымыз жиналған қауымды өнерлерімен тамсандырды. Сахналық шеберлігімен,көркем шығармашылығымен, оқу мәнерімен көзге түскен 5-сынып оқушысы Молдахан Абзал жеңімпаз атанып,I орынға ие болды.Ал жүлделі II орынға Дамыс Мирас,Азарова Дарья,Баймухамбетова Сабина ,сол сияқты III орынға Ерғазы Жания,Бекболат Олжас,Жанакулова Сабира иеленді.
«Ақын да бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша Калыкова Жансая II орынды жеңіп алды . Жүлдегерлерге арнайы дайындаған сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді. Шара барысында Жаябаева Даяна өз өнерін көрсетіп,жұртты тамсандырды.
Баршамызға танымал М.Жұмабаев –ақындық талант аясы кең шығармашылық тұлға
1 қыркүйек
"Білім" дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы. Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесіннегізінен үш ортадан көріп, біліп, түйісініп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол- отбасы, қоршапжатқан орта және арнайы білім жүйесі. Өсіпкеле жатқан жас адам осы үшеуінің арасынан бой көтеретін субъект. Үш орта өзара байланвсты болып, балаға жүйелі ықпал етуге мүмкін. Керсінше, әрқайсы өзінше әрекет етіп, тіпті бірінің ықпалы екіншісінікіне қайшы келуге де ықпал. Осы әр қилы ықпалдар мен әсерлерді өз бойына өткізетін оъект біреу. Ол - бала, жасөспірім, жас. Бала алдында ауапты іс тұрады: нені алу, нені алмау керек? Неден үйреніп, неден жирену қажет? Бұған ол қандай жауап табады, бұл баланың өмірге алғашқы қадамдарын басып қандай тәрбие алғанына,неге бағдарлағанына, ойлау қабілетіне байланысты. Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес. Ересектер де тіршілік, қызмет барысында үнемі ізденіс жағдайында болады. Әсіресе еңбек технологиясының жетілдірілуі, экономикалық қатынастағы өзгерістер, жұмыссыздық, ересектердің өзінің білімін жетілдіру немесе қайта даярлық процесінен өту әрекеттерін болмай қоймайтын заңды құбылысқа айналдырды. Білім беру немесе білім алу тек арнайы білімс беретін мекемелер шеңберінен шығып кетті. Мүдделер өзалдына білімденуде, өз еркімен ізденісін жалғастырады. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда әр адамның тіршілігінің өзекті саласы - білімдену. "Білім беру" және "білімдену". Екеуінене ортақ және айырмашылығы неде? Жас ұрпаққа білім беру, яғни өмірлік тәжірибемен қаруландыру, отбасының, әлеуметтік ортаның және арнайы білім мекемелерінің ісі екенін айттық. Алұрпақ оны қалайша қабылдады: немқұрайды, ұшқары, терең ұғына отырып, өз тәжірибесінеайналдыру арқылы... Неге бір отбасынан әркелкі мінезді және қабілетті бала өседі, неге бір мұғалімнен оқығандардың білімі, көзқарастары мен қабілеті әртүрлі? Осының бәрі мәселенің білімнің берілуінен гөрі, тәрбиеленушінің өзінің білімденуінде екенін көрсетеді. Ата-ана үйретумен шектеліп қалмай, бала үйренді ме жоқ па, басты назар соған аударылмаса күткен нәтиже келе қоймады
Балаларға арналған қауіпсіз интернет
Ер есімі - ел есінде
Ұлы Отан соғысы басталғанда еліміздің көптеген азаматтары туған жерін, халқын жаудан қорғау үшін қанды майданға аттанған болатын. Осы жолда біздің жауынгерлер тер төгіп, өз жандарын құрбан етті. Жас ұрпақтар аталарының ерлігі туралы кітаптардан, кинолардан, теледидардан біледі.
Біздің жерлестеріміз де Ұлы Отан соғысына қатысып, жауды жеңуге өз үлестерін қосқан. Олардың ішінде Сарсенов Д., Нұғманов М., Сұлтанов М., Бегембаев Ж. және тағы да басқалар.
Бегембаев Жантүгел 1913 жылы Жайлау – Ағаш ауылында дүниеге келген. Алғашқылардың бірі болып, 1941 жылдың 22 шілдесінде майданға атталған. Қиыр Шығыстағы Биробиджан қаласына жетеді. Осында оқу – жаттығу курсын атқыштар полкінде аяқтап, 1942 жылы Сталинград шайқасына қатысады. Бұдан кейін әйгілі Днепр өзенін кесіп өту шайқасында болған. 1944 жылы Варшаваға жеткен кезде коммунист болып соғысқа енген. Жантүгел ата соғысты Польшаның Люблин қаласында ауыр жарақат алып аяқтаған.
Батыр аталарымыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталанады.
Біз – бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік.
Березовка ЖОББМ нің
баспасөз орталығы.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша ақпарат
Наурыз айында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:
1 . Балалардың денсаулықтарын нығайту және зиянды әдеттерден алшақ болу мақсатымен сабақтан тыс және көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытының қамтылуы бойынша спорттық секциялар: волейбол, баскетбол, футбол ұйымдастырылды, сонымен қатар үйірмелер (ән және би, жолдың жас инспекторы, жас тілші, қол өнері) мен факультативті сабақтар және ҰБТ-ге дайындық жүргізілді.
2. Кешкі уақытта ауыл көшесінде және мектеп ішінде, асханада, спортзалда, сыныптарда мұғалімдер тарапынан кезекшілік жүргізіледі. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі өтті: тәрбие жөніндегі директордың орынбасары ақпан айында өткен шаралар бойынша есеп берді.
Тәуекел тобында 4 оқушы олар: аз қамтылған отбасынан 3 оқушы және үлгерімі төмен себебімен 1 оқушы.
3. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатымен 5-11 сыныптарды «Чтобы не случилось беды», бастауыш сыныптарда «Мен тәртіпті оқушымын» атты сынып сағаттары өтті.
Зиянды әдеттердің алдын алу мақсатымен сынып жетекшілері «Салауатты өмір салты» тақырыбыа сынып сағатын өткізді және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша наурыз мерекесіне арналған спорттық жарыстар өтті.
4. Тәртіп пен ұқыптылықты сақтауды үйрету мақсатымен мектеп аға тәлімгері мектеп белсенділермен әр сынып оқушыларының тазалықтарын, оқу құралдарын, оқулықтар мен дәптерлерін тексеріп ескертулер жасады.