1 наурыз-алғыс айту күні бойынша ақпарат
5-6 сыныптарда «1 Наурыз- алғыс йту күні» тақырыбына сабақтан тыс тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды татулыққа, бірлікке үйрету және алғыс айта білуге баулу.
Шара барысында балалар мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп, жылы тілектерін айтты. Қазақстан еліне, президентке алғыстарын тақпақ айтып білдірді.
Шара соңында «Туған еліме мың алғыс», «Ұстазыма рақмет», «Ата-анама алғыс айтамын» тақырыптарынан таңдап эссе жазды. Эссе бойынша оқушылар арасында 1,2,3 орындар берілді.
Наурыз
Березовская СОШ 2015-2016 оқу жылы
22 наурыз мерекесі бойынша ақпарат
Информация по проведению праздника Наурыз
Мұсылман халқының дәстүрлі мерекелерін құрметтеу, қазақ тілін, салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатымен 17 наурыз күні «Әз Наурыз» мерекесі өткізілді. Концерт Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып ұйымдастырылды.
Концерт барысында оқушылар «Наурыз келді», «Наурыз всех приглашает» әндері орындалды, «Қара жорға», «Халықтар биі», «Қамажай» билерін билеп көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен 18 наурыз күні дене шынықтыру мұғалімдері спорттық жарыстар ұйымдастырды. Балалар келесі спорттық түрлерінде жарысқа түсті: «Қол күрес», «Гирь көтеру», «Аударыспақ», «Волейбол».
Жарыс соңында қатысқандар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтар алып грамоталармен марапатталды.
Сонымен қатар мектеп оқушылары спорттық жарыстарына және өз ән, билерімен ауылдық клубында ұймдастырылған наурыз мерекесіне қатысып сыйлықтар алды.
Зарница
Началась игра,
Дело было с утра.
Мы бежали через кочки,
Через леса, через луга,
Мы бежали три часа
Это правда: сил уж нет!
Прибежать бы нам в обед.
Запах каши вдохновил,
И отряд наш победил!
«Менің елім – Қазақстан!»
Біз Қазақстанда тұрамыз,
Біз өз Отанымыздың балаларымыз!
Мен мақтан етем,
Менің Отаным-Қазақстан!
Мектепке дейіңгі тобының тәрбиешісі Б.Қ.Бекжанова және шағын орталық тәрбиішісі А.Т.Балтабаева Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған «Менің елім – Қазақстан!» атты тақырыптық сабағын өткізді. ҚР әңұраны орындалды. Балалармен Отан туралы әңгімелесіп тәрбиешілер балаларға Қазақстанның қалаларына саяхатқа баруды ұсынды. Әр аялдама көгілдір жалаумен белгленді. « Павлодар қаласы» аялдамасында балалар Отан туралы мақал- мәтелдер айтты; «Екібастұз қаласы» аялдамасында балалар Отан туралы тақпақтар айтты, «Отан» әні орындалды; «Ақсу қаласы» аялдамасында балалар қайда тұратындарын айтып ұлт өкілдерін атады және «Достық» әні орындалды; «Астана қаласы» аялдамасында Қазақстанның бас қаласы – Астана деп ҚР рәміздерін атап суреттен көрсетті, Астанаға арнап ән айтты. Оқу іс-әрекеті қимылды ойындармен аяқталды.
Тәрбиеші: А. Балтабаева
«Қазахстан менің Отаным!»
Біздің мектепте «Қазахстан- менің Отаным!» тақырыбында суреттер конкурсы өткізілді. Бастауыш сыныптардың арасында 1-і орынға ие болғандар 1-2-3 «Б» сыныптары, 2-і орын алғандар 1-4 «А» және 2-3 «А» сыныптар.
Жоғары сыныптардың арасында 1-і орын 9 «Б» сыныпқа берілді, 2-і орын алғандар 5-6 «А» сынып оқушылары, ал 3-і орында 5-8 «Б» және 9 «А» сыныптар. Барлық балаларға шығармашылық табыс тілеймін.
Мектеп Ұланбасы Э. Рамазанов