Тәүелсіздік тірегім
7-желтоқсан күні Березовка жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптары аралығында «Тәуелсіздік тірегім» атты ашық сыныптан тыс іс-шара өтті.Мұнда өз алдыма қойған мақсатымоқушыларды Отан сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсеткен аға, әпкелеріміздің ерліктерін құрметтеуге және туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқушылар бұл іс-шараға өте белсене қатысты.Олар желтоқсанға байланысты тақпақ айтып, ән шырқады. Әсіресе 2 «а» сынып оқушысы Дамыс Мирас Қайрат Рысқұлбековтың тергеуші алдындағы өлеңін мәнерлеп оқуы барлық көрермендер көзіне жас алдырды.Сонымен қатар «Желтоқсан желі» бейнебаянын тамашалап, мұғалімнің оқыған Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңін тыңдады. Сыныптан тыс іс-шара оқушылар мен қонақтар көңіліне үлкен қуаныш, шаттық сыйлады және оқушылар 16- желтоқсан оқиғасы туралы аз болсада мағлұмат алды.
Біздің Президент!
Мектепке дейінгі және шағын орталық топтарында Президент күніне арналған ертеңгілік өтті. Іс-шара ҚР әнұранымен басталды. Балалар Елбасы туралы тақпақтар айтып әндер орындады. Нұрсұлтан Назарбаев біздін еліміздің Президенті, Қазақстанның ен басты қаласы- Астана бар екенің балалар біледі, біз Қазақстанда тұрамыз деп айтады. Тәрбиешілер балалардың патриоттық сезімдерін дамыта отырып, өз Отаның сүюге, табиғатты аялауға бағыттап тәрбиелейді.
Біздің Қазақстан жасасын! Елімізде тыныштық болсын, Елбасымыз аман болсын! – деп балалар тілек білдірді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні
Қазақ халқының тарихында қазақ халқы өз елдігін мәңгі сақтап қалуына, еліміздің дамуына , халық болып қалыптасуына , ел үшін туып халқы үшін еңбек еткен кемеңгеріміз аз емес.Қасым ханның «Қасқа жолы» , Есім ханның «Ескі жолы» , Тәуке ханның « Жеті жарғысы» сияқты ұстанымдварды жалғастыра отырып, заман талабына сай ұштастыра білген елбасымыздың «Стратегия-2030», «стратегия 2050», «Нұрлы жол» т.б. жолдаулары халықтың өсіп өркендеуіне зор ықпал етті. Елбасының жолдауы –қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президентің тағдыры туған халқының тағдырымен егіз екенін іс жүзінде дәлелдеді. Сонымен қатар ұлттық рухани құндылығымызды, ұлттық санамызды биікке көтерді. Елбасының осындай ерен еңбегінің арқасында еліміздің еңсесі биік, дамыған елдердің қатарында болатынымызға сенімім мол. Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан тұңғыш президентіміздің еңбегіне алғысым шексіз! Менің президентіме зор денсаулық , қажымас қайрат талмас талап, ұрпақтан –ұрпаққа атыңыз мәңгі болып , егеменді еліміздің тұңғыш президенті болып қала беріңіз!
Березовка ЖОББМ-нің 10 а сынып оқушысы Альшынбеков Азат.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні
2012 жылдың бірінші желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні тойланып келеді . Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі тойланатын тарихи оқиға деп білемін. Тұңғыш президент күні оқушылар көп мағлұматтар алады. Себебі еліміздің даму тарихын, мәдениетін, әлуметтік-экономикалық жағдайын, дүниежүзі елдеріне Қазақ елі бар екенін таныта білген, жастардың болашаққа деген сенімін ұялатқан елбасы екенін білу қажет. Қазақ халқын әлемге таытқан, алаш баласының абыройын асқақтатқан-елбасы. Өз елінің тарихын толық білетін, ұлтжанды, қазақ елінің жағдайын терең түсінетін, болашақты көрегенділікпен саралайтын, заман талабын жіті қадағалап, әлемнің сан алуан озық тәжирбесін пайдаланып, ата-бабамыздан қалған асыл мұрасы мен ұштастыра білетін –елбасы.Елімізде 130-дан астам ұлт өкілднрі жұдырықтай жұмылып, береке-бірлікте, тату-тәтті, отанымыздың дамуына үлес қосуда. Бұлда елбасының салиқалы саясаты мен кемеңгер ақылының жемісі деп білемін. Әрқашан елбасымызды ұлықтап ел сеніміне ие бола білейік.
Березовка ЖОББМ 2015-2016 оқу жылы Бірінші президент күнін өткізу туралы ақпарат
Патриоттық тәрбие беру мақсатында мектепте Президент күніне арналған келесі іс-шаралар өтті:
-26.11.15жылы «Біздің Президент» атты салтанатты жиын болды.
Жиын мемлекеттік гимнің орындалуымен басталды, мектеп директорының құттықтауымен және оқушылардың шығарған өлеңдерімен жалғасты. Жиын соңында тарих мұғалімі Президент туралы баяндама оқыды.
-Салтанатты жиыннан кейін ата-аналар мен мұғалімдер оқушылар дайындаған мерекелік концертті тамашалады. «Президент әні», «Біз бақытты балалар», «Мен қазақ», «Каахстан-наш общий дом» т.б. әндер орындалып көрермендердің көңілінен шықты.
-Кітапханашы «Менің елім-менің президентім» стендін әзірлеп, кітапханада президент туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Сонымен қатар аға тәлімгер мен кітапханашы президент жайлы білімдерін тексеріп, толықтыру мақсатында «Мой Президент» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды.