Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні
2012 жылдың бірінші желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні тойланып келеді . Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі тойланатын тарихи оқиға деп білемін. Тұңғыш президент күні оқушылар көп мағлұматтар алады. Себебі еліміздің даму тарихын, мәдениетін, әлуметтік-экономикалық жағдайын, дүниежүзі елдеріне Қазақ елі бар екенін таныта білген, жастардың болашаққа деген сенімін ұялатқан елбасы екенін білу қажет. Қазақ халқын әлемге таытқан, алаш баласының абыройын асқақтатқан-елбасы. Өз елінің тарихын толық білетін, ұлтжанды, қазақ елінің жағдайын терең түсінетін, болашақты көрегенділікпен саралайтын, заман талабын жіті қадағалап, әлемнің сан алуан озық тәжирбесін пайдаланып, ата-бабамыздан қалған асыл мұрасы мен ұштастыра білетін –елбасы.Елімізде 130-дан астам ұлт өкілднрі жұдырықтай жұмылып, береке-бірлікте, тату-тәтті, отанымыздың дамуына үлес қосуда. Бұлда елбасының салиқалы саясаты мен кемеңгер ақылының жемісі деп білемін. Әрқашан елбасымызды ұлықтап ел сеніміне ие бола білейік.
Березовка ЖОББМ 2015-2016 оқу жылы Бірінші президент күнін өткізу туралы ақпарат
Патриоттық тәрбие беру мақсатында мектепте Президент күніне арналған келесі іс-шаралар өтті:
-26.11.15жылы «Біздің Президент» атты салтанатты жиын болды.
Жиын мемлекеттік гимнің орындалуымен басталды, мектеп директорының құттықтауымен және оқушылардың шығарған өлеңдерімен жалғасты. Жиын соңында тарих мұғалімі Президент туралы баяндама оқыды.
-Салтанатты жиыннан кейін ата-аналар мен мұғалімдер оқушылар дайындаған мерекелік концертті тамашалады. «Президент әні», «Біз бақытты балалар», «Мен қазақ», «Каахстан-наш общий дом» т.б. әндер орындалып көрермендердің көңілінен шықты.
-Кітапханашы «Менің елім-менің президентім» стендін әзірлеп, кітапханада президент туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Сонымен қатар аға тәлімгер мен кітапханашы президент жайлы білімдерін тексеріп, толықтыру мақсатында «Мой Президент» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды.